29 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №97 

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 14 қараша, Астана қаласы Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 3) ресми жарияланған кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы №97 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерi 1. Спорттық жылқылардың күндік рационы Р/с № Рацион атауы Азықтандыру нормативі Айғырға (500-550 келі) Биеге (500-550 келі) 1 Әртүрлі шөп 10 келі 10 келі 2 Сұлы 3 келі 3 келі 3 Арпа 1,5 келі 1 келі 4 Бидай жармасы 1 келі 1 келі 5 Күнбағыс күнжарасы 1 келі 1 келі 6 Жүгері 2 келі 2 келі 7 Сәбіз 3 келі - 8 Жұмыртқа 5 келі - 9 Алғы қоспа 0,5 келі 0,5 келі 10 Тұз 33 грамм 33 грамм 2. Аң-құстардың күндік рационы 1 Ет Жазғы мерзімде Қысқы мерзімде 0,2 келі ден 0,5 келіге дейін 0,5 келі ден 1 келіге дейін Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9992 болып енгізілді.